Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 25.03.2022
«Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 746 қаулысы
Осы Қаулы 2022 жылғы 25 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.03.2022 жылғы № 150 Қаулысына сәйкес
1. «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 451-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 746 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысымен бекiтiлген
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде (бұдан әрі – ұлттық парктер) туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) инфрақұрылымды дамытудың бас жоспары (бұдан әрі – бас жоспар) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеменің құрамдас бөлігі болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақты және оның инфрақұрылымын жоспарлау жобасы;
2) туристiк маршрут (бұдан әрi – маршрут) – туристiң танымдық, спорттық, эстетикалық не өзге де мақсаттарда өтуі, қарауы үшiн (саяхат барысында) белгiленген барлық географиялық пункттердің, болу объектiлерiнiң тiзбесiн білдіретін жүру жолы;
3) туристiк соқпақ – жаяу, велосипедпен немесе атпен (салт атпен) жүруге арналған ұзыннан-ұзақ жер учаскесi;
4) құрылыс объектілері – салынуы бас жоспарда көзделген туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілер.
Полная версия