Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.03.2022
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы N 1063 Қаулысы
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 05.07.2012 № 910 (30.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2019 жылғы № 746 Қаулысына сәйкес (26.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы 2022 жылғы 25 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.03.2022 жылғы № 150 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.10.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 05.07.2012 № 910 (30.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2019 жылғы № 746 Қаулысына сәйкес (26.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. "Барлық санаттағы жерлерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн алу (сатып алу), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бөгде үйлер, ғимараттар мен oбъектiлердi құлату, сыртқа шығару, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жер учаскелерiн, үйлер мен ғимараттарды ғылыми, туристiк және рекреациялық қызметтер үшiн жалға беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 ақпандағы N 240 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 10, 130-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 7 қарашадағы
 N 1063 қаулысымен
 бекiтiлген
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 05.07.2012 № 910 (30.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз) 
Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.06.2014 жылғы № 702 Қаулысымен (05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2014 жылғы № 147 (28371) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2019 жылғы № 746 Қаулысына сәйкес (26.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде (бұдан әрі – ұлттық парктер) туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) инфрақұрылымды дамытудың бас жоспары (бұдан әрі – бас жоспар) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеменің құрамдас бөлігі болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақты және оның инфрақұрылымын жоспарлау жобасы;
2) туристік маршрут (бұдан әрi – маршрут) – туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туристік оператор әзірлейді және ол туристік қызмет объектілеріне баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осындай баруды қамтиды;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.09.2021 жылғы № 662 Қаулысына сәйкес (09.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) туристiк соқпақ – жаяу, велосипедпен немесе атпен (салт атпен) жүруге арналған ұзыннан-ұзақ жер учаскесi;
4) құрылыс объектілері – салынуы бас жоспарда көзделген туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілер.
5) экологиялық туризм – табиғи объектілермен және дәстүрлі мәдениеттермен олардың копоненттерін жоймай және алып қоймай танысу мақсатында және жақын маңдағы елді мекендерде тұратын азаматтардың Кәсіпкерлік қызметін дамытуға ықпал ететін табиғи жерлерге саяхат.
2-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 22.09.2021 жылғы № 662 Қаулысына сәйкес (өзгерту 23.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Ұлттық парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру тәртібі
3. Ұлттық парктерде туристік және рекреациялық қызмет әкiмшiлiк-шаруашылық мақсаттағы объектiлерді орналастыру, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң қорғалуын және жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшін қажетті шаруашылық қызмет жүргiзу, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, жануарлар дүниесін жалпы пайдалануды ұйымдастыруды қоса алғанда, оған келушiлерге қызмет көрсету, рекреациялық орталықтар, жабайы жануарларды өсіруге және күтіп-бағуға арналған вольерлер, қонақ үйлер, кемпингтер, музейлер мен туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн салуды және пайдалануды жүзеге асыру, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында рекреациялық жүктемелердің нормаларын ескере отырып, дем алу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын, жағажайларды, қайық станцияларын, суда жүзетін көлік түрлері мен жағажай құрал-жабдығын жалға беру пункттерін орнату жолымен жүзеге асырылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.09.2021 жылғы № 662 Қаулысына сәйкес (09.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi