Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.02.2021
«Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 4 қазандағы № ҚР ДСМ-135 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 қазанда № 19454 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 21 ақпаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.02.2021 жылғы № ҚР ДСМ-13 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағынына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
1) «Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 215 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10827 болып тіркелген, «Әділет» Ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 389 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14308 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 7 қазандағы электронды түрде жарияланған) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң кызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
 2019 жылғы 4 қазандағы
​ № ҚР ДСМ-135 бұйрығымен
бекітілген
«Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. «Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді жәнеқарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) вакцинамен ассоциацияланған паралитикалық полиомиелит (бұдан әрі – ВАПП) – вакцинадан алынған полиомиелит вирусы бөлінген, ауыз арқылы қабылданатын полиомиелиттік тірі вакцинаны (бұдан әрі – АПВ) қабылдағаннан кейін төртінші күннен ерте емес және отызыншы күннен кешікпей пайда болған қалдық көріністері бар жіті енжар жұлын параличі жағдайы;
2) гемофильдік инфекция – Haemophilus influenzae В–В типінің гемофильдік таяқшасымен негізделген ауа-тамшы арқылы берілетін, клиникалық көріністердің көптүрлілігімен, тыныс алу ағзаларының, орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен және әртүрлі ағзаларда іріңді ошақтардың дамуымен сипатталатын антропонозды жіті инфекциялық ауру;
Полная версия
ИС BestProfi