Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 желтоқсанда № 19679 болып тіркелді
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.07.2025 жылғы № 44 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 жылғы № 87 Қаулысына сәйкес (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.07.2025 жылғы № 44 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
1. Осы Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (бұдан әрі – банк) ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптарды орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 жылғы № 135 Қаулысына сәйкес (15.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 жылғы № 87 Қаулысына сәйкес (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.07.2025 жылғы № 44 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңі (бұдан әрі – айқындау кезеңі) – ең төмен резервтік талаптардың мөлшерін есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелері мен ең төмен резервтік талаптардың мөлшері есептелетін уақыт кезеңі;