Близость слов: Окончание:





Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар, бірыңғай оператор есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 211 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 желтоқсанда № 19672 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 267 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз
Редакция 28.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2023 жылғы № 42 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар, бірыңғай оператор есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен жасалған «кері репо» және репо операциялары туралы есептің нысаны;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2023 жылғы № 42 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес меншікті активтердің құрамында есепке алынатын салымдар мен ақша туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес меншікті активтер мен клиенттердің активтері құрамында есепке алынатын берілген қарыздар мен дебиторлық берешек туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес инвестициялық қорлар жөніндегі есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес клиенттердің активтері есебінен сатып алынған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес инвестициялық қордың өзге мүлігінің құрылымы туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестициялық қордың және басқа да клиенттердің инвестициялары туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес зейнетақы активтерінің құны туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға зейнетақы жинақтарының көлемі және ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) саны туралы есептің нысаны;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2023 жылғы № 42 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдері туралы есептің нысаны;
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес клиенттердің активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есептің нысаны;
16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес меншікті активтерді инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есептің нысаны;
Полная версия
ИС BestProfi