Близость слов: Окончание:





Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысы
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 желтоқсанда № 19671 болып тіркелді
Редакция 16.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 жылғы № 49 Қаулысына сәйкес (29.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 2-1-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
 2019 жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 224 қаулысына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 жылғы № 49 Қаулысына сәйкес (29.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi