Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.08.2021
«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 406 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 қарашада № 19667 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес 
1. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«3. Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары бекіткен тізім негізінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасарлары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар бойынша аумақтық инспекциялары;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
«3) жануарлардан алынатын өнімдерді, шикізатты, азықтарды («Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесінде «*» символымен белгіленген өнімдерді қоспағанда) тасымалдау кезінде – сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі;
Сараптама актісін (сынақ хаттамасын):
өндіріс объектісі бекіткен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесі келіскен Өнімді мониторингтік зерттеу жоспары (бұдан әрі – Мониторинг жоспары) бар болған кезде;
Мониторинг жоспары шеңберінде зерттелетін өнімнің сараптама актісін (сынақ хаттамасын) берген сәттен бастап 1 (бір ай) ішінде оны пайдалану кезеңінде зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкес болған кезде жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінен салқындатылған етті, тағамдық жұмыртқаларды әкету (экспорт) үшін берілген сәттен бастап 1 (бір) ай бойы пайдалануға жол беріледі;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«3. Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізім негізінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
Полная версия
ИС BestProfi