Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.08.2021
Данный документ находится в процессе изменения
Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 тамызда № 11959 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 28.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.11.2015 жылғы № 7-1/1031 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.03.2016 жылғы № 90 Бұйрығына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 22.01.2019 жылғы № 21 Бұйрығына сәйкес (11.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республиқасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_______________Ә. Исекешев
8 шілде 2015 жылы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________Е. Досаев
«____» ___________ 2015 жыл
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика Министрінің
міндетін атқарушы
_________________Т. Жақсылыков
24 шілде 2015 жыл
Полная версия
ИС BestProfi