1. «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 03.08.2021
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына 5-қосымша
«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.11.2015 жылғы № 7-1/1031 Бұйрығымен (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 жылғы № 235 Бұйрығымен (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 22.01.2019 жылғы № 21 Бұйрығына сәйкес (09.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2019 жылғы № 406 Бұйрығына сәйкес (22.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесіне – 7 (жеті) жұмыс күні;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесіне – 5 (бес) жұмыс күні;
өндіріс объектісінің жүзеге асырылатын қызмет түрін өзгертуге әкеп соқтырмай, атауы және/немесе ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда – 5 (бес) жұмыс күні;
өндіріс объектісі қызметінің түрі өзгерген жағдайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мерзімдерде есепке алу нөмірін беру рәсімінен қайта өтеді;
сою алаңдары қолда бар есепке алу нөмірін растау үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мерзімдерде есепке алу нөмірін қайта ресімдеу рәсімінен өтеді.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Полная версия