Близость слов: Окончание:





«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы деп қайта атау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 955 қаулысы
Редакция 27.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2. «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 % мөлшеріндегі мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Васильевич Склярдың «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайлануын қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 20 желтоқсандағы 
​№ 955  қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
реттік нөмірі 21-157-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-157. «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» АҚ».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне» деген бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 400-1-жолмен толықтырылсын:
«400-1. «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2023 жылғы № 1195 Қаулысымен (27.03.2020 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2020 жылғы № 142 Қаулысына сәйкес (20.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
5. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
реттік нөмірі 40-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«40. «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.».
6. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
7. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы».
Полная версия
ИС BestProfi