«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 20-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Қағидаларының 513-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын медициналық техниканың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 87 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын медициналық техниканың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 87 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы «Бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын медициналық техниканың тізімін бекіту туралы» №87 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Бұйрықтың атауы келесі редакцияда жазылсын: «Бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін, медициналық бұйымдардың тізімін бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің инвестициялық саясат Департаменті қамтамасыз етсін:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
4) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің заң қызметі Департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр О. Әбішевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Полная версия

