Близость слов: Окончание:





«Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық техниканың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 87 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 14547/26 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
«Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық техниканың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 87 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Бұйрық жобасы бойынша ұсыныстар мен ескертулер осы сараптамалық қорытындының №1 және №2 қосымшаларында көрсетілген.
Кәсіпкерлік кодекстің 66-бабы 3-тармағына сәйкес сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық палатаға келіспеу себептерін негіздей отырып жауап жолдайды.
Басқарма мүшесі –
Басқарма төрағасының орынбасары Ю. Якупбаева
Полная версия
ИС BestProfi