БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2022
«Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 қаңтарда № 19877 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Энергетика министрінің 07.06.2022 жылғы № 202 Бұйрығына сәйкес
1. «Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17897 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:
«3. Сұйытылған мұнай газымен электрондық сауда-саттық жүргізу үшін сауда-саттықты ұйымдастырушы мыналардың болуын:
1) осы Қағидаларға қосымшада келтірілген талаптарға сәйкес келетін электрондық сауда алаңының;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы комитетінің;
3) электрондық сауда алаңдарында құпиялылық режимін, сондай-ақ коммерциялық құпияны құрайтын, соның ішінде электрондық жеткізгіштегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жасақталған құрылымдық бөлімшенің болуын;
4) сауда-саттықты ұйымдастырушының сұйытылған мұнай газымен электрондық сауда-саттықты ұйымдастырумен байланысты басқарушы лауазымдарды атқаратын қызметкерлерінің:
жоғары білімінің;
электрондық сауда-саттық, тауарлық биржалар саласында және (немесе) қаржы ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуын;
5) сауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы лауазымдардағы қызметкерлерін қоспағанда, сұйытылған мұнай газымен электрондық сауда-саттықты ұйымдастырумен байланысты лауазымдарды атқаратын қызметкерлерінің – жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің болуын;
6) электрондық сауда-саттықты ұйымдастыру бойынша және клиенттермен жұмыс бойынша құрылымдық бөлімшелерінің болуын;
7) жасалатын мәмілелер бойынша есеп жасасу үшін клирингтік жүйе тетігін пайдалану туралы екінші деңгейлі банкпен шарттың немесе Қазақстан Республикасының тауарлық биржалар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, электрондық сауда алаңына қызмет көрсететін клирингтік ұйыммен шарттың болуын;
8) электрондық сауда алаңы туралы және онда сауда-саттық өткізу тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ электрондық сауда-саттық нәтижелерін орналастыру үшін арнайы бөлімі бар қазақ және орыс тілдеріндегі меншікті интернет-ресурсының болуын қамтамасыз етеді.»;
«9. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйесі субъектілерінің, оның ішінде дилерлер ретінде әрекет ететін мына санаттары немесе олардың өкілдері (агенттері, брокерлері):
1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер;
2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері сұйытылған мұнай газын сатушы ретінде электрондық сауда-саттыққа қатысушылар болып табылады.
Полная версия