«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 202 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 маусымда № 28448 болып тіркелді
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарының қүші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Б. Акчулаков
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2022 жылғы 7 маусымдағы № 202 Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10941 болып тіркелген);
2. «Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 277 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14100 болып тіркелген);
3. «Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17897 болып тіркелген);
4. «Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 242 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19039 болып тіркелген);
5. «Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19877 болып тіркелген);
6. «Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 420 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26241 болып тіркелген);
7. «Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы бұйрығының қолданысын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26409 болып тіркелген).
Полная версия