Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2022
«Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 242 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 шілдеде № 19039 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Энергетика министрінің 07.06.2022 жылғы № 202 Бұйрығына сәйкес 
1. «Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген нөмірі - № 10941, «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 5 маусымында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидаларын бекіту туралы»;
«1. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидаларында:
«Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары»;
«1. Осы Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 21-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді.»
«2-тарау. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу тәртібі»;
«3-тарау. Инвестициялық бағдарламаларды бекіту тәртібі»;
«10. Әзірленген инвестициялық бағдарламалар уәкілетті органның қарауына және бекітуіне ұсынылады.
Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаларды күнтізбелік отыз күн ішінде қарастырады.»;
«13. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндірушіден инвестициялық бағдарламаны қарау үшін қажетті қосымша ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.
14. Ескертулер болмаған жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны бекітеді.
15. Ескертулер болған жағдайда, уәкілетті орган негізделген ескертулерді көрсете отырып, инвестициялық бағдарламаны күнтізбелік жиырма күн ішінде мұнай өнімдерін өндірушіге пысықтау үшін қайтарады.»;
«17. Уәкілетті органның инвестициялық бағдарламаны қайта қарау мерзімі күнтізбелік он бес күннен аспайды.»;
«4-тарау. Инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы туралы есептіліктің ұсынылу тәртібі»;
«18. Мұнай өнімдерін өндірушілер инвестициялық бағдарламаны іске асыру кезінде уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей инвестициялық бағдарламаның технологиялық бөлігін іске асыру туралы есептілікті еркін жазбаша түрде береді.»;
«20. Уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндірушіден инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есепті қарау үшін қажетті қосымша ақпаратты жазбаша сұратады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
аталған Қағидаларға 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Полная версия
ИС BestProfi