Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2022
Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10941 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Энергетика министрінің 07.06.2022 жылғы № 202 Бұйрығына сәйкес
Редакция 30.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабының 21-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесінің мөрлік мерзімдік басылымда және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев
2015 жылғы 27 наурыз
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 27 наурыздағы
 № 237 бұйрығымен
 бекітілген
Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 21-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) инвестициялық бағдарлама – экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде мұнай өнімдерінің бағасына әсер ететін инвестициялық құрамдастарды қамтитын, жоспарланған техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында белгілі бір кезеңге мұнай өнімдерін өндірушілердің қазіргі өндірістік қуаттарын құруға, жаңғыртуға және жаңартуға бағытталған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы;
2) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.06.2016 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi