Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.02.2024
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 2 ақпаннан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.07.2020 жылғы № 491 Қаулысымен (20.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.02.2022 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.01.2023 жылғы № 64 Қаулысына сәйкес (24.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары;
2) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;
3) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;
4) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары;
5) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру қағидалары;
6) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары;
7) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары;
8) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары;
9) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдіктер беру қағидалары;
10) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Бәсекеге қабілеттілік» инвестициялық гранттарын беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.01.2020 жылғы № 8 Қаулысымен (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.04.2020 жылғы № 225 Қаулысымен (22.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.07.2020 жылғы № 491 Қаулысымен (20.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.10.2020 жылғы № 628 Қаулысымен (30.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2021 жылғы № 194 Қаулысымен (20.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.06.2021 жылғы № 441 Қаулысымен (31.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.10.2021 жылғы № 736 Қаулысымен (28.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.10.2021 жылғы № 737 Қаулысымен (өзгерту 15.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2021 жылғы № 979 Қаулысымен (13.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.02.2022 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi