Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 14.05.2024
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1061 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 14 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.04.2024 жылғы № 336 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
«72-2. Мына:
осы Субсидиялау қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу;
осы Субсидиялау қағидаларына 9-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру;
осы Субсидиялау қағидаларына 10-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жобалары бойынша тауарлар (көрсетілетін қызметтер) тізбесі шеңберінде банктер инвестицияға және айналым қаражатын (оның ішінде жаңартылатын негізде) толықтыруға берген (беретін) жаңа және қолданыстағы кредиттер субсидиялауға жатады.
Бұл ретте «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысы күшіне енгеннен кейін банктер беретін кредиттер қолданыстағы кредиттер деп түсініледі.
Бұл ретте айналым қаражатының мөлшері қарыз алушының бір жобасы шеңберінде кредит сомасының 50 %-ынан аспауға тиіс айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті субсидиялауға рұқсат етіледі.
Бұл шектеу агроөнеркәсіптік кешенде өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды, ол банктердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Басқа банктен қайта қаржыландыруға, сондай-ақ қатысу үлестерін сатып алуға жол берілмейді.»;
«72-10. Инвестицияларға бағытталған кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 10 (он) жылдан аспайды.
Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды. Бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған күннен бастап белгіленеді.
Осы тармақ 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 72-16-тармақпен толықтырылсын:
«72-16. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу жобалары бойынша айналым қаражатын толықтыру мақсатында банктердің өз қаражаты және агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс есебінен 100 % қаржыландыру кезінде тетіктің шеңберінде мынадай іріктеу өлшемшарттары белгіленеді:
Полная версия