«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 31-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Сұрып сынағын өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 ақпанда № 19995 болып тіркелді
1. Сұрып сынағын өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығына қосымша
Сұрып сынағын өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
р/с № |
Тауарлардың (жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің) атауы |
Тауарлардың (жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің) құны (бір жыл ішінде бір сұрыпты тәжірибе есебінде), теңге |
Селекциялық жетістіктердің ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сынақтан өткізу |
||
1 |
Азықтық дақылдар |
16 770 |
2 |
Бақша дақылдары |
45 680 |
3 |
Дәнді дақылдар |
36 592 |
4 |
Дәнді-бұршақты дақылдар |
36 080 |
5 |
Көкөніс дақылдары |
49 890 |
6 |
Майлы дақылдар |
28 140 |
7 |
Отамалы дақылдар |
28 140 |
8 |
Техникалық дақылдар |
28 717 |
Зертханалық сынақтар өткізу (бір үлгіге сұрып сынағын өткізу әдістемесі бойынша кешенді талдау) |
||
9 |
Азықтық дақылдар |
10 338 |
10 |
Бақша дақылдары |
5 462 |
11 |
Дәнді дақылдар |
33 376 |
12 |
Дәнді-бұршақты дақылдар |
15 963 |
13 |
Жармалық дақылдар |
18 070 |
14 |
Жеміс-жидек дақылдары |
6 612 |
15 |
Картоп |
5 685 |
16 |
Көкөніс дақылдары |
9 267 |
17 |
Майлы дақылдар |
11 880 |
18 |
Отамалы дақылдар |
7 961 |
р/с № |
Тауарлардың (жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің) атауы |
Тауарлардың (жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің) құны (бір гектарға бір сұрып сынағы есебінде), теңге |
Өндірістік және технологиялық-экономикалық сынақ өткізу |
||
19 |
Азықтық дақылдар |
296 900 |
20 |
Бақша дақылдары |
274 800 |
21 |
Дәнді дақылдар |
217 000 |
22 |
Дәнді-бұршақты дақылдар |
316 300 |
23 |
Жармалық дақылдар |
362 100 |
24 |
Жеміс-жидек дақылдары |
288 545 |
25 |
Картоп |
347 400 |
26 |
Көкөніс дақылдары |
368 800 |
27 |
Майлы дақылдар |
378 900 |
28 |
Отамалы дақылдар |
274 900 |
29 |
Техникалық дақылдар |
399 500 |
Өзге де көрсетілетін қызметтер |
||
30 |
Авторлық куәлікті және ауыл шаруашылығы дақылдарының оригинаторы куәлігін беру |
12 750 |
31 |
Авторлық куәліктің және ауыл шаруашылығы дақылдары оригинаторы куәлігінің телнұсқасын беру |
12 750 |
32 |
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрып сынағын өткізу саласындағы ақпараттық бюллетень |
1 500 |
33 |
Басқа ұйымдар жүргізген сынақ нәтижелері немесе өтінім беруші ұсынған деректер негізінде селекциялық жетістіктің ерекшелігіне, біртектілігіне, тұрақтылығына сараптамалық баға беру |
60 725 |
34 |
Бір сұрыптық тәжірибе есебінен өтінім берушінің учаскелерінде жүргізілген тәжірибелерді бағалау бойынша сарапшылардың жұмысы |
68 175 |
35 |
Ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық өлшемшарттары бойынша сұрыптың ресми сипаттамасын беру |
38 000 |
36 |
Жерге егiп бағалауды жүргізу |
92 120 |
37 |
Қоса берілген құжаттармен патентке қабілеттілігіне берілген өтініштің көшірмесіне, ауыл шаруашылығы өсімдігі сұрыпының атауына сараптама беру |
38 000 |
38 |
Мемлекеттік тізілімге енгізілгеннен кейін сұрыптың атауын өзгерту* |
38 000 |
39 |
Өсімдіктердің жаңа сұрыптарын қорғау жөніндегі халықаралық одақтың бастамасы бойынша ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық өлшемшарттары бойынша сұрыптың сипаттамасын беру (УПОВ) |
122 472 |
40 |
Тұқымдарды ресімдеу, сақтау, сынақтан өткізу орнына жеткізу (тасымалдау) |
15 620 |
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 434 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5759 болып тіркелген).