Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.10.2020
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 23.10.2020 жылғы № 9-нқ Бұйрығына сәйкес 
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2. Статистика комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 28 қаңтардағы
№ 22 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеттері мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Комитет заңнамаға сәйкес уәкілетті болса мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болады.
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Полная версия
ИС BestProfi