Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 68 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша аумақтық органдарына қатысты ережелерді қоспағанда, 2020 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 18 ақпандағы
 № 68 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар  
1. «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысында:
2-тармақ екінші бөлігі мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Осы қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қолданысы 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тоқтатыла тұрсын.».
3. «Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 434-құжат):
«6. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және бонустар төлеу бөлігінде 2021 жылғы 30 маусымға дейін қолданылатын осы қаулының 2-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.»;
3) көрсетілген қаулыға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларында:
«4) мемлекеттік органның нысаналы индикаторлары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстарының әкімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы арасында жасалған меморандумда белгіленген пилоттық органның нысаналы индикаторлары;»;
«13. Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу пилоттық органның түзетілген бонус қорын ескере отырып, жыл қорытындысы бойынша пилоттық орган қызметін бағалау нәтижелері бекітілгеннен кейін бір ай ішінде жүргізіледі.
14. Мемлекеттік әкімшілік қызметшімен еңбек қатынастары бұзылған немесе мемлекеттік әкімшілік қызметші бағалау басталған күнге дейін жұмыстан шыққан кезде, зейнеткерлік жасқа жеткен мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қоспағанда, оған есепті кезең үшін «бонус» төленбейді. Мемлекеттік лауазымнан босату туралы шешім қабылдайтын лауазымды тұлғаның тиісті актісінде айқындалған күн еңбек қатынастары бұзылған немесе жұмыстан босатылған күн болып табылады.»;
19-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бағаланатын жылы мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін тәртіптік жазасы болған кезде.»;
«20. Мемлекеттік әкімшілік қызметші қызметінің нәтижелері бағаланатын кезде оның алынбаған тәртіптік жазасы болған жағдайда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшінің түзетілген бонусының 50 % мөлшерінде бонус белгіленеді.».
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 18 ақпандағы
 № 68 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 939 қаулысына
1-қосымша
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдары.
3. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет).
4. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдары.
5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдары.
7. Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органы.
8. Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы.
9. Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органы.
10. Атырау облысының жергілікті атқарушы органы.
11. Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органы.
12. Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органы.
13. Павлодар облысының жергілікті атқарушы органы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 18 ақпандағы
 № 68 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысына
2-қосымша
Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлу

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның атауы

Функционалдық

блоктағы** деңгейлер*

SCS

A

B

C

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы

15

-

-

-

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының басшысы

14

-

-

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент директоры

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) департамент директоры

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің департамент директоры

-

12

11

10

Астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшысы

-

12

-

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органының басшысыҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әділет департаментінің басшысы

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшысы

Астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органы басшысының орынбасары Астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органы басшысының орынбасары

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппараты басшысының орынбасарыОблыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің орынбасары

-

11

-

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент директорының орынбасары

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) департамент директорының орынбасары

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің департамент директорының орынбасары

-

11

10

9

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкіміҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органы басшысының орынбасарыҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменті басшысының орынбасары

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органы басшысының орынбасарыОблыстың ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының басшысы

-

10

-

-

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылықтың) меңгерушісі

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі облыстық әділет департаменттері ауданаралық әділет басқармаларының басшылары

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Маңғыстау облысының әдiлет департаменті Бейнеу ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi Қарқаралы ауданының әдiлет басқармасының басшылары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының кеңесшісі

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кеңесшісі

Астана әкімінің кеңесшісі

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органның бөлім басшысы

-

9

-

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басқармасының (қызметінің) басшысы

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басқармасының (қызметінің) басшысы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басқарма басшысы

Астана әкімі аппараты құрылымдық бөлімшесінің басшысыАстананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының бөлім басшысы

-

9

8

7

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі уәкілі

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі

-

-

9

-

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің кеңесшісіЖергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органның бөлім басшыcының орынбасары Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің орынбасары

-

8

-

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық органының басқарма басшысы

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органының басқарма басшысы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменті аумақтық бөлімінің басшысы – аға сот орындаушысы

Облыстың, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының бөлім басшысы

-

8

7

6

Астана әкімі аппаратының бас инспекторы

-

8

7

6

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

Астана әкімі аппаратының баспасөз хатшысы

-

-

8

-

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының баспасөз хатшысы

-

-

7

-

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органының бөлім басшысы

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әділет департаментінің бөлім басшысы

Облыс, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшысы

-

7

6

5

Облыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің кеңесшісі

-

7

-

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бас консультанты

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) бас консультанты

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының бас инспекторы

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) бас инспекторы

-

7

6

5

Облыс, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының бас инспекторы

-

6

5

4

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының көмекшісі

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының көмекшісі

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің көмекшісіАстана әкімінің көмекшісі

-

8

7

6

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің кеңесшісі

-

6

-

-

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы орган бөлімінің сектор меңгерушісіАудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшенің басшысы

-

6

5

4

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бас сарапшысы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) бас сарапшысы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бас сарапшысы

Астана әкімі аппаратының бас маманыАстана әкімі аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) бас маманы

Астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының бас маманы

-

6

5

4

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, облыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің көмекшісі

-

-

-

5

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органының бас маманы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органының бас маманы

Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменті бөлімінің бас маманы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстың әділет департаменті ауданаралық әділет басқармасының бас маманы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының әдiлет департаментінің Бейнеу ауданы әдiлет басқармасының бас маманы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қарағанды облысы әдiлет департаментiнің Қарқаралы ауданы әдiлет басқармасының бас маманы

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының бас маманыОблыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының бас маманыОблыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының бас маманыЖергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдар бөлімінің бас маманыОблыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменті аумақтық бөлімінің сот орындаушысы

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) бас маманы

-

5

4

3

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің көмекшісі

-

-

-

4

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі аппаратының бас маманы

-

4

3

2

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сарапшысы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) сарапшысы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сарапшысы

-

4

3

2

Астана әкімі аппаратының жетекші маманыАстананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының жетекші маманыАстананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының маманы

-

4

3

2

Облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының жетекші маманыҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстың әділет департаменті ауданаралық әділет басқармасының жетекші маманы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әдiлет департаменті Бейнеу ауданы әдiлет басқармаларының жетекші маманы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қарағанды облысының Әдiлет департаментi Қарқаралы ауданы әдiлет басқармасының жетекші маманы

Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының жетекші маманыҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органының жетекші маманы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органының жетекші маманы

Облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әділет департаментінің жетекші маманы

Облыс ауданы, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының жетекші маманыЖергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы орган бөлімінің жетекші маманыОблыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының маманы

-

3

2

1

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші маманы

-

2

1

-

* Деңгей – мемлекеттік әкімшілік лауазымның позициясын оны бағалау нәтижелеріне байланысты айқындайтын және лауазымдық айлықақы белгілеу үшін қолданылатын көрсеткіш.
Мемлекеттік әкімшілік лауазымды бағалау мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды пилоттық режимде бағалау және деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.
** SCS функционалдық блогы (Жоғары басқару персоналы) – «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары.
А функционалдық блогы (негізгі персонал) – «Б» корпусының мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген мемлекеттік әкімшілік лауазымдары.
Бұл блокқа пилоттық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының кеңесшілері, жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің лауазымдары жатқызылуы мүмкін.
В функционалдық блогы (жәрдемдесуші персонал) – негізгі немесе қосалқы персоналға жататын лауазымдарды қоспағанда, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары.
Бұл блокқа мемлекеттік органның ішкі аудит, жұртшылықпен байланыс, заңдық сүйемелдеу, қаржы, кадр және оның қызметін ақпараттық-технологиялық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің лауазымдары, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкіл лауазымдары жатады.
Егер көрсетілген қызмет түрлері мемлекеттік органның салалық қызметі болып табылған жағдайда, бұл лауазымдар «А» функционалдық блогына теңестіріледі.
С функционалдық блогы (қосалқы персонал) – «Б» корпусының әкімшілік-шаруашылық қызметті, пилоттық орган немесе жоғары тұрған орган тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі функциялар жүктелген мемлекеттік әкімшілік лауазымдар.
Бұл блокқа пилоттық органдардың бірінші басшыларының көмекшісі лауазымдары да жатады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басшысы құрылымдық бөлімшелерді және олардың қызметкерлерінің жекелеген лауазымдарын функционалдық блоктарға бөлуді қандай да бір уақыт кезеңінде мемлекеттік органның алдында тұрған басым міндеттерге қарай дербес жүзеге асырады.
Полная версия
ИС BestProfi