Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 6 наурызда № 20095 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі» Қазақстан Республикасы заңының 17-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне, 17-1-бабының 9-тармағы бірінші бөлігінің абзацына және 34-бабының 5-тармағына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 21-бабы 4-тармағының бірінші бөлігіне және 26-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 47-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне және 72-2-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабы 1-тармағына, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңының 14-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.02.2022 жылғы № 7 Қаулысына сәйкес (24.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың мынадай тізбесі белгіленсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.03.2024 жылғы № 18 Қаулысына сәйкес (21.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулының мақсаттары үшін, осы қаулының 1-тармағында айқындалған, офшорлық аймақтар деп жеңілдікпен салық режимін ұсынатын және (немесе) қаржылық операцияларды жүргізу барысында ақпаратты ашуды және ұсынуды көздемейтін мемлекеттер мен аумақтар түсініледі.
1) «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы №145 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5371 болып тіркелген);
2) «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 145 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 65 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5658 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырда «Заң газеті» газетінде № 80 (1503) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.