БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 07.11.2022
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 наурызда № 20183 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2022 жылғы 7 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 22.10.2022 жылғы № 830 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14305 болып тіркелген және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 қазанда жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларында:
«2) ІІО-ның кадр қызметтері «Е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өту туралы сертификаты болған кезде және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы қорытынды болған кезде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес азаматтарға қажетті құжаттар тізбесін береді, Заңда белгіленген қойылатын біліктілік талаптарын (бұдан әрі - біліктілік талаптар) түсіндіреді және олардың қызметке жарамдылығын айқындау үшін ІІО-ның әскери-дәрігерлік комиссиясында медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтуге жібереді.»;
«7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) орталық аппаратының ведомстволарында, бөліністерінде конкурс өткізу кезінде интернет-ресурсында ІІМ және мемлекеттік істер бойынша уәкілетті органда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында хабарландыру жарияланады. ІІО-ның аумақтық бөліністерінде конкурс өткізу туралы хабарландыру ІІО-ның және мемлекеттік істер бойынша уәкілетті органда аумақтылығы бойынша интернет-ресурстарында жарияланады, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында таралатын мерзімді басылымдарда жарияланады.»;
«2-1) байқауға қатысушы үшін қажетті, осы Қағидалардың 17-тармағындағы көрсетілген құжаттар тізбесі;
2-2) конкурсқа қатысу үшін өтініш, сауалнама, кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағы және өмірбаян нысаны;»;
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) екі данада өзіне және жұбайына кірістер мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалар.»;
«24. ІІО-ға қызметке орналасатын кандидаттардың (бұдан әрі – кандидаттар) дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруы дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруға жіберілген кандидаттардың тізімін жариялаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.
Нормативтерді қабылдауды кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру үшін жауапты ІІО бөлінісі жүзеге асырады.
25. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру кезінде кандидаттар:
Полная версия