Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.10.2021
COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 сәуірде № 20304 болып тіркелді
Осы бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2020 жылғы № ҚР ДСМ-97/2020 Бұйрығына сәйкес (04.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 26 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.10.2021 жылғы № ҚРДСМ-102 Бұйрығына сәйкес
Редакция 07.09.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығы 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасынының 2.1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2020 жылғы № ҚР ДСМ-97/2020 Бұйрығына сәйкес (04.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің және қауіп топтарындағы жұмыскерлердің жалақысына үстемеақы мөлшерлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақы белгілеу қағидалары бекітілсін
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау миниистрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Бірінші вице-министрі М. Е. Шорановқа жүктелсін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2020 жылғы № ҚР ДСМ-97/2020 Бұйрығына сәйкес (04.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е. Биртанов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 4 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығына
1-қосымша
Үстемеақы мөлшерлері жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2020 жылғы № ҚР ДСМ-97/2020 Бұйрығына сәйкес (04.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің және тәуекел топтарының жалақысына үстемеақы мөлшерлері
1. COVID-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын орталық атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық және басқа бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақы мөлшері COVID-19 коронавирусын жұқтырудың тәуекел топтары бойынша айқындалады.
2. COVID-19 коронавирусын жұқтырудың тәуекел топтары мынадай болып бөлінеді:
1) 1 (бірінші) тәуекел тобы (өте жоғары);
3. 1 (бірінші) тәуекел тобына COVID-19 коронавирусы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін анықталған реанимация бөлімшелері мен басқа да стационарларды қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері жатады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ-93 Бұйрығымен (19.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы тәуекел тобы бір қызметкерге үстемеақы мөлшері 2021 жылғы 1 тамызға дейін республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының жиырма еселенген мөлшерінен (бұдан әрі – ЕТЖМ) және 2021 жылғы 1 қазаңға дейін республикалық бюджет туралы заңды ағымдағы қаржы жылына белгіленген он еселенген ЕТЖМ-ден аспайды.
4. 2 (екінші) тәуекел тобына:
4-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ-93 Бұйрығымен (19.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
провизорлық стационарлардың, провизорлық бөлімшелердің дәрігерлері, орта және кіші медициналық персоналы;
жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлері, оның ішінде амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;
медициналық авиацияны тарта отырып, жедел медициналық жәрдемнің дәрігерлері мен орта медициналық персоналы тартылған жағдайда;
шұғыл ден қою бригадаларының және апаттар медицинасы орталығы бригадасының дәрігерлері мен орта медицина персоналы тартылған жағдайда;
мобильді бригадалардың дәрігерлері мен орта медицина персоналы;
COVID-19 коронавирусы бар, сондай-ақ СOVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын клиникалық және эпидемиологиялық белгілер бойынша вирустық пневмониясы (COVID-19 коронавирустық инфекциясының ықтимал жағдайы) (бұдан әрі – вирустық пневмония) бар тіркелген контингент қатарынан стационарлық жағдайда пациенттерге медициналық көмек көрсететін орталық атқарушы органдардың және басқа да орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінің дәрігерлері, орта және кіші медициналық персоналы жатады.
Осы тәуекел тобы үстемеақы мөлшері бір жұмыскерге 2021 жылғы 1 тамызға дейін республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген он еселенген ЕТЖМ-ден және 2021 жылғы 1 қазаңға дейін республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген бес еселік ЕТЖМ-ден аспайды.
5. 3 (үшінші) тәуекел тобына:
5-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ-93 Бұйрығымен (19.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
карантиндік стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина персоналы;
жедел медициналық жәрдем бригадаларының жүргізушілері, оның ішінде амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;
шұғыл ден қою бригадаларының және Апаттар медицинасы орталығы бригадасының жүргізушілері мен қызметкерлері олар тартылған жағдайда;
мобильді бригадалардың жүргізушілері;
зертханалардың, оның ішінде вирусологиялық зертханалардың мамандары;
санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері;
жіті респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы іс-шараларға байланысты биологиялық материалды алуға айқындалған шұғыл стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің және, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының қызметкерлері;
жіті респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы іс-шараларға байланысты биологиялық материалды алуға айқындалған орталық атқарушы органдардың және өзге де орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінің медицина қызметкерлері;
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа түрінің әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі республикалық штабтың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің аумақтық штабтарының мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде (блок-бекеттерде, әуежайларда және теміржол вокзалдарында) карантиндік режимді қамтамасыз ететін денсаулық сақтау жұмыскерлері;
дәрігерлер-сот-медициналық сарапшылар, сот сарапшылары, сондай-ақ орталық атқарушы органның сот-медициналық бөлімшелерінің орта және кіші медицина персоналы;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің медициналық бөлімшелерінде, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарында сотталғандар мен тергеумен қамалғандар арасынан COVID-19 коронавирусы және вирустық пневмониясы бар пациенттердің мінез-құлқын қорғауды, қадағалауды және бақылауды қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер жатады.
Осы тәуекел тобы үстемеақы мөлшері бір қызметкерге 2021 жылғы 1 тамызға дейін республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген бес еселік ЕТЖМ-ден және 2021 жылғы 1 қазаңға дейін республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген 2,5 ЕТЖМ-ден аспайды.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 4 сәуірі
№ ҚР ДСМ-28/2020
Бұйрыққа
2-қосымша
COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемақылар белгілеу қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2020 жылғы № ҚР ДСМ-97/2020 Бұйрығына сәйкес (04.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
1. COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған орталық атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмыскерлерін қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақы белгілеу қағидалары СOVID-19 коронавирусы инфекциясынының профилактикасына және таралуының алдын алуға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің (бұдан әрі – жұмыскер) жалақысына үстемеақы (бұдан әрі – үстемеақы) белгілеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2020 жылғы № ҚР ДСМ-97/2020 Бұйрығына сәйкес (04.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
2. Үстемеақы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2-тарау. Жұмыскерлерге үстемеақы белгілеу тәртібі
3. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес үстемеақы мөлшер мен тәуекел топтары бойынша COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға жұмыскерлердің тікелей қатысуы үшін ай сайын жүзеге асырылады.
4. Үстемеақы COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға жұмыскер тартылған нақты жұмыс істеген кезең үшін есебінен, 2020 жылғы 1 наурыздан бастап, бірақ жұмыс уақытының айлық балансынан артық емес, жұмыскерлердің жұмыс уақытын есепке алу деректерінің негізінде жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін, орталық атқарушы органдардың және олардың ведомстволары мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлерді қаржылық қолдауды ұйымдастыру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органы комиссия құрады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2020 жылғы № ҚР ДСМ-97/2020 Бұйрығына сәйкес (04.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
6. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды.
7. Комиссияның құрамы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ-93 Бұйрығына сәйкес (19.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері атынан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселері бойынша мемлекеттік басқарудың жергілікті органының;
6) денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақтарының медицина қызметкерлерінің мүдделерін білдіретін үкіметтік емес ұйымдарының (бұдан әрі – ҮЕҰ) (келісім бойынша);
7) «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашалық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалының филиал директорының орынбасарынан төмен емес өкілдерінен қалыптасады.
8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамы комиссияның төрағасы болып табылады, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының лауазымды адамы комиссия төрағасының орынбасары болып табылады.
9. Комиссия денсаулық сақтау ұйымы басшысының ұсынысы негізінде COVID-19 коронавирусын жұқтырудың тәуекел тобын көрсете отырып, үстемеақы белгіленетін жұмыскерлердің тізімін айқындайды.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ-93 Бұйрығына сәйкес (19.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Комиссия шешім қабылдаған кезде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды, денсаулық сақтау ұйымы мен оның жұмыскерлері жұмылдырылған COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралардың сипатын назарға алады.
Комиссияның осы Қағидамен реттелмеген бөлігіндегі жұмыс регламенті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен айқындалады.
10. Жұмыскерлерге үстемеақы төлеу үшін ай сайын Комиссия денсаулық сақтау ұйымы басшысының ұсынымы бойынша COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесінің жұмыскерлеріне үстемеақылардың есептелген сомалары туралы ақпаратты осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне береді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2020 жылғы № ҚР ДСМ-97/2020 Бұйрығына сәйкес (04.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде зертханалық зерттеулерді, дезинфекциялауды және дератизациялауды, эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуына мониторингті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қаржылық қолдауды ұйымдастыру үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның жанынан комиссия құрылады.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ-93 Бұйрығына сәйкес (19.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның комиссиясы шешім қабылдаған кезде елдегі эпидемиологиялық жағдайды, денсаулық сақтау ұйымы мен оның жұмыскерлері қатысатын COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралардың сипатын назарға алады.
12. Жұмыскерлерге үстемеақы төлеу үшін ай сайын денсаулық сақтау ұйымы басшысының ұсынымы бойынша ТКҚСҚБК жанындағы Комиссия осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесінің жұмыскерлеріне үстемеақылардың есептелген сомалары туралы ақпаратты бюджеттік бағдарлама әкімшісіне береді.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2020 жылғы № ҚР ДСМ-97/2020 Бұйрығына сәйкес (04.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
12-1. Орталық атқарушы органдардың және өзге де орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмыскерлеріне қаржылық қолдауды ұйымдастыру үшін тиісті мемлекеттік органдардың (ведомстволардың) жанынан комиссия құрылады (бұдан әрі - Ведомстволық комиссия).
2-тарау 12-1-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2020 жылғы № ҚР ДСМ-97/2020 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 20.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
Ведомстволық комиссия шешім қабылдау кезінде елдегі эпидемиологиялық жағдайды, COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралардың сипаты, оған тартылған бөлімшелерді, ведомстволық бағынысты ұйымдарды және оның жұмыскерлерін ескереді.
Ведомстволық комиссияның құрамы тиісті мемлекеттік органның және ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері құрамынан қалыптастырылады. Ведомстволық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды.
Жұмыскерлерге үстемеақы төлеу үшін Ведомстволық комиссия ай сайын әскери-медициналық (медициналық) бөлімшенің, ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы ұсынған жұмыскерлердің тізімдерін және растайтын құжаттарды қарағаннан кейін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті мемлекеттік мекемеге немесе ведомстволық бағынысты ұйымға COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесінің жұмыскерлеріне үстемеақылардың есептелген сомалары туралы ақпарат жібереді.
13. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмыскерлерге үстемеақы сомаларын төлеуі әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық бөлімшелерінің (орталық атқарушы органдардың және өзге де орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ әскери-медициналық (медициналық) мекемелердің (ұйымдардың), әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз етуді жүзеге асыратын өзге де бөлімшелердің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының) қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21831 болып тіркелген) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2020 жылғы № ҚР ДСМ-97/2020 Бұйрығына сәйкес (04.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ-93 Бұйрығына сәйкес (19.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық және орталық атқарушы органдардың және өзге де орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмыскерлеріне үстемеақы сомаларын төлеу тиісті мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
14. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмыскерлерге үстемеақы сомаларын төлеуі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
COVID-19 коронавирусымен
 күрес шеңберінде эпидемияға
 қарсы іс-шараларға тартылған
 денсаулық сақтау жүйесі
 жұмыскерлерінің жалақысына
 үстемеақы белгілеу
 қағидаларына қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2020 жылғы № ҚР ДСМ-97/2020 Бұйрығына сәйкес (04.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ-93 Бұйрығына сәйкес (19.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақының есептелген сомалары туралы ақпарат __________________________________________________ (денсаулық сақтау ұйымының/мекеменің атауы)
  20 __ жылғы «____»________ бастап 20 __ жылғы «____» ______ дейінгі кезең аралығында есептелен үстемеақы:
  1-топқа айына: _______ теңге (20 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамызына дейін, 10 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамыздан 2021 жылдың 1 қазанына дейін)
  2-топқа айына:________ теңге (10 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамызына дейін, 5 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамыздан 2021 жылдың 1 қазанына дейін)
  3-топқа айына:________ теңге (5 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамызына дейін, 2,5 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамыздан 2021 жылдың 1 қазанына дейін)

р/с №

Тегі, әкесінің аты (бар болса)

Атқарып отырған лауазымы

Тәуекел тобы

Жұмыс уақытының айлық балансы, сағат

Нақты жұмыс істеген, сағат

Жұмыс істеген сағаттардың үлесі, %

Төлеуге үстемақы сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

Бөлімшенің атауы ________________

1


 


 


 


 


 


 


 

2


 


 


 


 


 


 


 

3


 


 


 


 


 


 


 

Бөлімшенің атауы ________________

1


 


 


 


 


 


 


 

2


 


 


 


 


 


 


 

3


 


 


 


 


 


 


 

4


 


 


 


 


 


 


 

Барлығы


 


 


 


 


 


 

 Комиссия төрағасы: ________________________________/__________________ (Тегі, әкесінің аты (бар болса)/Қолы) (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін) Комиссияның мүшелері: ________________________________/___________________ (Тегі, әкесінің аты (бар болса)/Қолы) (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін) Денсаулық сақтау ұйымының/мекеменің басшысы (уәкілетті тұлға): _______________________________/____________________ (Тегі, әкесінің аты (бар болса)/Қолы) (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін) Бас бухгалтер/бөлімше басшысы: ______________________________/_____________________ (Тегі, әкесінің аты (бар болса)/Қолы) (қағаз тасығыштағы құжат үшін) Мөр орны (болған жағдайда) / (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін) Күні 20___ жылғы «_____»_________
Полная версия
ИС BestProfi