«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 155-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 04.01.2021
«Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № ҚР ДСМ-22/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 20294 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-264/2020 Бұйрығына сәйкес
1. «Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген, 2010 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер жинағында №3 болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтарында:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2 |
30-70 жастағы артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома, онкологиялық патология бойынша профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өтетін әйелдер мен ерлер |
Мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтауға |
»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексеруді өткізу қағидалары мен кезеңділігінде:
«15. Профилактикалық медициналық қарап-тексеру дәрігерге дейінгі, педиатриялық және мамандандырылған кезеңдерді қамтиды.
Дәрігерге дейінгі кезеңді медициналық пункттің, фельдшерлік-акушерлік пункттің, дәрігерлік амбулаторияның, аудандық, қалалық емхананың, білім беру ұйымының (болған жағдайлықда), мектепке дейінгі ұйымдардың орта медицина персоналы жүргізеді және мыналарды қамтиды:
1) бойы мен дене салмағын анықтау;
2) ерте шақтағы балалардың (3 жасқа дейінгі) басы және кеудесінің көлемін өлшеу;
3) жеке және психоәлеуметтік дамуды бағалау;
4) артериялық қысымды өлшеу (7 және одан үлкен жастағы балалардың);
5) плантография жүргізу және оны бағалау (5 және одан үлкен жастағы балалардың);
6) көру өткірлігін анықтау;
7) есту жітілігін анықтау. Тыныш үй-жайда орта медицина қызметкері мен баланың арасы кемінде 5 метр болатындай қашықтықта 3 және одан үлкен жастағы балалардың екі құлағына кезек-кезек сыбырлап сөйлеу арқылы зерттеу;
8) жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан патологияларды болдырмау мақсатында 14 және 17 жастағы балаларда электрокардиографиялық зерттеу жүргізу (12 бұрылу).
Полная версия