Мемориалдық тақталар орнату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 77 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20310 болып тіркелді
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 24.04.2025 жылғы № 189-НҚ Бұйрығына сәйкес (02.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
1. Осы Мемориалдық тақталар орнату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемориалдық тақталар орнату тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 24.04.2025 жылғы № 189-НҚ Бұйрығына сәйкес (02.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемориалдық тақта – аса көрнекті тұлға немесе айшықты оқиға туралы ақпарат қамтылатын, ғимараттар мен құрылысжайлардың қасбеттеріне орнатылатын, мәрмәрдан, граниттен, металдан немесе басқа да материалдардан жасалатын тақтайша.
3. «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретін рұқсаттар негізінде орнатылады.
4. Мемориалдық тақталар аса көрнекті тұлға өмір сүрген, қызмет жасаған немесе болған, айрықша оқиға болған ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.
5. Мемориалдық тақталар аса көрнекті тұлғаның 10 жылдан астам ғимаратта немесе құрылыста тұру, жұмыс істеу, болу және онда болған айрықша оқиға фактісі расталған кезде орнатылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 24.04.2025 жылғы № 189-НҚ Бұйрығына сәйкес (02.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемориалдық тақталар қаһармандық пен ерлік танытқан, мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға айтарлықтай ерен үлес қосқан жағдайларды қоспағанда, аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған және (немесе) маңызды тарихи оқиғалар орын алған күннен бастап 5 жыл өткен соң орнатылады.
Мемориалдық тақталарды орнату «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысымен айқындалған көрнекті тұлғалардың мерейтойлық және атаулы күндеріне, маңызды тарихи оқиғаларға орайластырылады.
7. Мемориалдық тақтаның мәтіні аса көрнекті тұлға туралы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өмір сүру кезеңі, қызмет саласы, сіңірген еңбегі) мәліметтерді және айрықша оқиға туралы (күні, орны, сипаттама) мәліметтерді, сонымен қатар қажеттілік болған жағдайда тұлғаның портреттік бейнесін және декоративтік элементтерді құрайды.
1. «Мемориалдық тақталар орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 356 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 14 желтоқсанда 12405 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. «Мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 256 бұйрығымен бекітілген Мәдениет саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесінің 8 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 9 қазанда № 17507 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. «Мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 138 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесінің 3 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 17 мамырда № 18690 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).