«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 191 қаулысы
1. «Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«1. Осы мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және дағдарыс жағдайлары кезеңінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібін айқындайды.
Осы Тәртіпте реттелмеген өзге қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.»;
«3. Арнайы тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу дағдарыс жағдайлары кезеңінде:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылған Мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) айқындаған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде мемлекеттік материалдық резерв тауарларын, көрсетілетін қызметтерін сатып алу;
2) Комиссия айқындаған әлеуетті өнім берушілерден, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
3) жергілікті қамтуды дамыту саласындағы уәкілетті орган ұсынған мәліметтер негізінде отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу жағдайларында жүзеге асырылады.
4. Осы Тәртіптің 3-бөлімінде көзделген мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, арнайы тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алуды жоспарлау мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл ретте мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу саны бойынша шектеулерді көздейтін талаптары осы Тәртіпте көзделген сатып алуға қолданылмайды.
5. Арнайы тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдерінің бірімен жүзеге асырылады:
1) баға ұсыныстарын сұрату;
2) бір көзден алу;
3) конкурс.
Тапсырыс беруші осы Тәртіпке сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін айқындайды.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда тапсырыс беруші осы Тәртіпке сәйкес не «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді дербес қабылдауға құқылы.
Полная версия