Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2023
Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 131/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 сәуірде № 20366 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2022 жылғы № 67/НҚ Бұйрығына сәйкес (09.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.11.2022 жылғы № 450/НҚ Бұйрығына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық 2023 жылғы 4 сәуірден бастап күшін жойды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 14.03.2023 жылғы № 89/НҚ Бұйрығына сәйкес
Редакция 31.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 8) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2022 жылғы № 67/НҚ Бұйрығына сәйкес (09.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2022 жылғы № 67/НҚ Бұйрығына сәйкес (09.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.11.2022 жылғы № 450/НҚ Бұйрығына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтардың және кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жумагалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
 аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 9 сәуірдегі № 131/НҚ
бұйрығына
1-қосымша
Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы
Осы Қағидалардың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2022 жылғы № 67/НҚ Бұйрығына сәйкес (09.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.11.2022 жылғы № 450/НҚ Бұйрығына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 8) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және аэротүсіру жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2022 жылғы № 67/НҚ Бұйрығына сәйкес (09.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.11.2022 жылғы № 450/НҚ Бұйрығына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi