Тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 сәуірде № 20452 болып тіркелді
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 05.06.2026 жылғы № 270-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1. Осы Тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидалары «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және тарихи-мәдени сараптама жүргізу тәртібін анықтайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 05.06.2026 жылғы № 270-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) игеруге жататын жер учаскелерінде жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстарды жүргізу нәтижесі бойынша алынған, тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатердің болуын немесе болмауын негіздейтін материалдар;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 05.06.2026 жылғы № 270-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Тарихи-мәдени сараптама жарияланған мақсатқа сәйкес объектінің тарихи-мәдени маңыздылығын және сақталу дәрежесін бағалау үшін материалдарды кешенді қарауды қамтиды.
7. Тарихи-мәдени сараптаманы тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке немесе археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиясы және Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат туралы заңнамасына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлігі бар жеке және заңды тұлғалар жүргізеді (бұдан әрі – сарапшы).
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 05.06.2026 жылғы № 270-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Тарихи-мәдени сараптама тапсырыс беруші және сарапшы арасындағы тарихи-мәдени сараптама жүргізуге келісімшарт (бұдан әрі – келісімшарт) жасасу арқылы жүзеге асырылады.
9. Тарихи-мәдени сараптама келісімшартта көзделген мерзімде, бірақ тапсырыс берушіден өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
10. Тарихи-мәдени сараптаманы жүргізу үшін тарихи-мәдени сараптама жүргізуші сарапшы тарихи-мәдени сараптама объектісін визуалды қарау және фотофиксация жүргізеді.
11. Тарихи-мәдени сараптаманың нәтижесі бойынша негізделген қорытынды әзірлеу үшін сарапшымен тарихи-мәдени сараптама объектісіне қатысты ғылыми және өзге құжаттар мен материалдар тізбесін (библиографиясы) құрастыра отырып, жан-жақты зерделеу жүргізіледі.
13. Қорытынды қазақ және орыс тілдерінде фирмалық бланкте екі данада құрастырылады, тарихи-мәдени сараптама жүргізген заңды тұлғаның мөрімен куәләндырылып, ал тарихи-мәдени сараптама жеке тұлғамен жүргізілген жағдайда оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі және қолтаңбасымен куәландырылады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 05.06.2026 жылғы № 270-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 05.06.2026 жылғы № 270-НҚ Бұйрығына сәйкес (21.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) тарихи-мәдени сараптама объектісінің әр ракурстан фотосуреттері (оңтүстік-солтүстік-батыс-шығыс), сонымен қатар тарихи-мәдени сараптама объектісінің тарихи элементтері мен бөлшектерінің ерекшеліктерін көрсететін фотосуреттер;
6) тарихи-мәдени сараптама объектісіне қатысты ғылыми және өзге құжаттар мен материалдарды зерделеу негізінде тарихи-мәдени сараптама объектісінің тарихи-мәдени маңыздылығы мен оның сақталу деңгейі немесе олардың жоқтығы толық баяндалған еркін нұсқадағы тарихи-мәдени сараптама қорытындысының мәтіні.
1. «Тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 219 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4933 болып тіркелген, 2007 жылғы қыркүйек-қазанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).
2. «Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 12 тамыздағы № 187 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8705 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 қазанда № 224 (28163) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. «Мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 256 бұйрығымен бекітілген Мәдениет саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17507 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).