«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 110-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу қағидаларын, сондай-ақ Өзге де әкімшілік шығыстардың орнын толтыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 413 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 20475 болып тіркелді
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Өзге де әкімшілік шығыстардың орнын толтыру қағидалары мен мөлшері бекітілсін.
2. «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 92 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10509 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі А. Смаилов
Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Бірінші орынбасары- Қаржы министрінің 2020 жылғы 23 сәуірі № 413 бұйрығына 1- қосымша
Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 110-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда салық және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме, сондай-ақ борышкердің міндеттемелерінен туындайтын, борышкерге қойятын мүліктік талаптары бар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын, заңды тұлға кредитор болып танылады.
3. Өтініш бойынша банкроттық туралы іс қозғалған кредитор, егер банкроттық рәсімін жүргізу барысында жиынтығында мынадай мән-жайлар:
1) борышкер мүлкінің жоқ екені;
2) борышкердің жарамсыз деп тануға жатқан мәмілелерінің жоқ екені;
Полная версия