Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 259 Қаулысы
Редакция 12.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы:
1) 2020 жылғы 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін қоса берілген өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағының екінші, үшінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын, сондай-ақ өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаны;
2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қоса берілген өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағының төртінші, бесінші, жетінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтарын, сондай-ақ өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаны қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 259 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 23-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесінде:
3-тармақта:
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) Шекара қызметі үшін шекара бөлімдерін (бөлімшелерін) салу;»;
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«35) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметінің авиация техникасы үшін тұрақтар салу;»;
91) және 92) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«91) шекара бөлімдерінің (бөлімдерінің) созылыңқы учаскелерін және Шекара қызметінің және басқа да объектілерін күзетудің бейнебақылау жүйелері мен сигнализация кешендерін салу (жабдықтау);
92) Шекара қызметінің шекара бөлімдері (бөлімшелері) үшін техникалық бақылау бекеттерін салу;».
Полная версия