Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2023
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 239-қа бұйрығы
Осы Бұйрық 2023 жылғы 27 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 16.07.2022 жылғы № 281-қа Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 282 Жарлығының 7-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы Ережесінің 18-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі «Шығыс» өңірлік басқармасының бастығы заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің аумақтық органдарында тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнамалық және құқықтық ақпараттар институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын;
4) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесіне қосылу кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алынып тасталуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы бұйрықпен Шекара қызметінің мүдделі тұлғаларының тиісті бөлігі таныстырылсын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Д. Ділманов
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
орынбасары – Шекара қызметі
директорының 2020 жылғы 10 сәуірдегі
№ 239-қа бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Шекара қызметінің департаменті) Мемлекеттік шекараның тұтастығын және қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ету, шекаралық кеңістікте заңдылық пен белгіленген тәртіпті ұстап тұру мақсатында құрлықта, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери басқарудың жедел органы және аумақтық бөлімшесі болып табылады.
2. Шекара қызметінің департаменті өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының бұйрықтарын, осы ережені, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
3. Шекара қызметінің департаменті мемлекеттік тілде нақты және шартты атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында есепшоттары бар республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады.
4. Шекара қызметінің департаменті азаматтық-құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түседі.
Полная версия
ИС BestProfi