Близость слов: Окончание:





Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20775 болып тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Әділет министрінің 19.09.2025 жылғы № 515 бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
2026 жылдың 1 қаңтардан бастап ҚР Әділет министрінің 19.09.2025 жылғы № 515 Бұйрығына сәйке кіріспе келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін ##көрсету@@ 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 жылғы № 1007 Бұйрығына сәйкес (24.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес танылсын
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы Н. Пан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі    
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі 
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің м.а.
 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62
бұйрыққа 1-қосымша
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары
1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірледі және «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін анықтайды.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
Полная версия
ИС BestProfi