«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 маусымда № 20791 болып тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Көлік министрінің м.а. 25.04.2026 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 25.04.2026 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (28.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары
1. Осы «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 25.04.2026 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (28.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсету) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 28.06.2024 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес (21.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақтың бірінші абзацы 2026 жылдың 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі ҚР Көлік министрінің м.а. 25.04.2026 жылғы № 98 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес
3. Жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін «цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның (бұдан әрі – лицензияны алу үшін ЗТ өтініші) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның (бұдан әрі – лицензияны алу үшін ЖТ өтініші) және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші) немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтініші) және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» (бұдан әрі – Тізбе) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар жиынтығы.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 жылғы № 25 Бұйрығына сәйкес (28.05.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 28.06.2024 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес (21.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 28.06.2024 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес (21.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 25.04.2026 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (28.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Тізбеде жазылған.