Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.09.2023
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 маусымда № 20848 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.06.2023 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес 
«Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5) тармақшасына және «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 8 маусымы № 197
бұйрығымен бекітілген
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент
1. Осы өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент (бұдан әрі – техникалық регламент) «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Өсімдіктерді қорғау туралы заң) 6-бабының 5) тармақшасына, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Техникалық реттеу туралы заң) 8-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығарылатын өсімдіктерді қорғау құралдарына (пестицидтер) (бұдан әрі – пестицидтер), сондай-ақ олардың өмірлік циклі процестеріне қолданылады.
Полная версия
ИС BestProfi