Близость слов: Окончание:





Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32940 болып тіркелді
Редакция 04.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5) тармақшасына және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент бекітілсін.
2. «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 197 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20848 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Е. Карашукеев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 249 бұйрығымен
бекітілген
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент
1. Осы өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент (бұдан әрі – техникалық регламент) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Өсімдіктерді қорғау туралы заң) 6-бабы 5) тармақшасына, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Техникалық реттеу туралы заң) 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығарылатын өсімдіктерді қорғау құралдарына (пестицидтерге) (бұдан әрі – пестицидтер), сондай-ақ олардың өмірлік циклі процестеріне қолданылады.
2. Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарына міндетті сертификаттау нысанында сәйкестігі міндетті түрде расталуы тиіс өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) тізбесі осы техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
3. Осы техникалық регламенттің талаптары пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, қолдануға және зарарсыздандыруға қатысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады.
4. Осы техникалық регламентте мынадай терминдер мен айқындамалар пайдаланылады:
Полная версия
ИС BestProfi