Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдеде № 74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 16-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 10 маусымдағы № 96 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 маусымда № 20862 болып тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 31.03.2026 жылғы № 52 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы А. Жаилғанова
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 10 маусымы № 96 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесі
1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) мемлекеттік қызметшілердің арасынан бір тыңдаушыны оқытуға жұмсалған шығыстар есебінің тәртібін және шығындардың баптары бойынша шығыстардың тәртібін нақтылайды.
Әдістеме оқытудың күндізгі, күндізгі-қашықтықтан, қашықтықтан және онлайн оқыту нысандары бойынша оқитын мемлекеттік қызметшілер үшін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беретін ұйымдардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді беруші) меншік нысандарына қарамастан көрсетілетін құнын анықтау үшін пайдаланылады.
2. Мемлекеттік қызметшілер үшін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беретін ұйымдардың қызметі мемлекеттік органдардың тиісті саласының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Әдістемеге сәйкес айқындалатын құн шеңберінде сапалы оқытуды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының қолданыстағы білім беру саласының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2-тарау. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтердің шығындарын есептеу
4. Көрсетілетін қызметті берушінің шығындарын анықтауды ескере отырып, көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсетудің өзіндік құнының негізінде көрсетілетін қызметтердің құнын қалыптастырады.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің шығындары қызметті ұсыну процесінде жүзеге асырылатын қызметтерді көрсетумен тікелей байланысты шығындар және жалпы көрсетілетін қызметті берушінің қызметін қамтамасыз етуге қажетті, бірақ қызметтерді көрсету процесінде тікелей қолданылмайтын шығындар болып екіге бөлінеді.
6. Қызметтерді көрсетумен тікелей байланысты шығындарға:
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметтерді көрсету процесіне тікелей қатысатын персоналға (бұдан әрі – негізгі персонал) жұмсалатын шығындары;
Полная версия

