Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті әзірлеген жер балансы бойынша ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 25 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 наурызда № 20112 болып тіркелді
Редакция 23.01.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 24) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 06.01.2021 жылғы № 2 бұйрығына сәйкес (10.03.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) "Жердің болуы, оларды санаттар, жер учаскелерінің меншік иелері, жерді пайдаланушылар мен алқаптар бойынша бөлінуі туралы _____ жылғы 1 қарашадағы есеп" (индексі 22, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) "Жердің болуы, оларды санаттар, жер учаскелерінің меншік иелері, жерді пайдаланушылар және алқаптар бойынша бөлінуі туралы _____ жылғы 1 қарашадағы есеп" (индексі 22, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) "Суармалы жердің болуы және оларды санаттар, жер учаскелерінің меншік иелері, жерді пайдаланушылар мен алқаптар бойынша бөлінуі туралы______жылғы 1 қарашадағы есеп" (индексі 22-А, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) "Суармалы жердің болуы және оларды санаттар, жер учаскелерінің меншік иелері, жерді пайдаланушылар мен алқаптар бойынша бөлінуі туралы ______жылғы 1 қарашадағы есеп" (индексі 22-А, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының жер балансы бойынша ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 46 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10717 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің
Статистика комитеті
төрағасының
2020 жылғы 10 наурыздағы
№ 25 бұйрығына
1-қосымша

 

 




 






 

Мемлекеттік статистика органдары кұпиялылығына кепілдік береді

Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики

Приложение 1 к приказу

Председателя Комитета по статистике

Министерства национальной экономики

Республики Казахстан

от "___" _____________20__ года

№___

Ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны

Статистическая форма ведомственного статистического наблюдения

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсынылады

Представляется Комитету по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан




 




 

    Жердің болуы, оларды санаттар, жер учаскелерінің меншік иелері, жерді пайдаланушылар мен алқаптар бойынша бөлінуі туралы ____ жылғы 1 қарашадағы есеп
Отчет о наличии земель и распределении их по категориям, собственникам земельных участков, землепользователям и угодьям на 1 ноября _________ года
Полная версия
ИС BestProfi