Близость слов: Окончание:





Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 маусымда № 20883 болып тіркелді
Редакция 15.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2)-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 19 маусымы № 254
Бұйрықпен бекітілді
Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 17.07.2020 жылғы № 306 Бұйрығымен (19.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Оқуағарту министрінің 18.11.2022 жылғы № 464 Бұйрығымен (17.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің м.а. 31.05.2024 жылғы № 133 Бұйрығына сәйкес (18.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 270-бабының 1-тармағының 3-1)-тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1-тармағына, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 52-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабының 8-тармағына, «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4-тармағына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар түріне, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою, мектепке дейінгі ұйымдарға (бұдан әрі - МДҰ) құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – көрсетілетін қызметті берушінің қызметін автоматтандыруға бағытталған жүйе;
2) архив – көрсетілетін қызметті алушының МДҰ-ға орын алуға мүдделілігінің болмауына байланысты МДҰ-ға жолдама алу мүмкіндігі тоқтатылған өтініштер, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан жіберілген бұзушылықтар бойынша кезектен шығарылған, МДҰ-ға қабылдауға жолдаманы табысты алуға байланысты немесе осы Қағидаларда көзделген басқа да себептер бойынша кезектен алынған өтініштер жиынтығы;
Полная версия
ИС BestProfi