Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 шiлдеде № 20955 болып тіркелді
Осы Бұйрық тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 жылғы № 417 Бұйрығына сәйкес (10.07.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 26.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 жылғы № 417 Бұйрығына сәйкес (10.07.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшаға сәйкес «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшаға сәйкес «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшаға сәйкес «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
9) осы бұйрықтың 9-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
10) осы бұйрықтың 10-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының резинденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
11) осы бұйрықтың 11-қосымшаға сәйкес «Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
12) осы бұйрықтың 12-қосымшаға сәйкес «Салықтық есептілікті қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
13) осы бұйрықтың 13-қосымшаға сәйкес «Салықтық есептілікті керi қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
14) осы бұйрықтың 14-қосымшаға сәйкес «Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
15) осы бұйрықтың 15-қосымшаға сәйкес «Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
16) «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.07.2024 жылғы № 500 Бұйрығына сәйкес (05.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi