Близость слов: Окончание:





Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 16 шiлдедегi № 283 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 шiлдеде № 20985 болып тіркелді
Редакция 03.08.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ол ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нурымбетов
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 16 шілдесі
№ 283 Бұйрыққа
қосымша
Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидалары
1. Осы шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидалары Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1-1. Осы Қағидаларда келесі ұғым қолданылады:
Осы Қағидалар 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.07.2020 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 10.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
электрондық ақша жүйесінің операторы – электрондық ақшаны пайдалана отырып, операцияларды жүзеге асыру кезінде қалыптастырылатын ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді қоса алғанда, электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған шартқа сәйкес электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын айқындайтын банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем ұйымы.
2. Біржолғы төлем «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 3-тармағына сәйкес 2020 жылғы шілде және тамыз айларында енгізілген шектеу іс-шаралары кезеңінде кірістен толық айырылу жағдайында «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1,5 ең төмен жалақы мөлшерінде бір рет тағайындалады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.08.2020 жылғы № 292 Бұйрығына сәйкес (27.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бұл ретте 2020 жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша тағайындалған біржолғы төлемдер автоматты түрде қайта есептеледі және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мөлшерде тағайындалады.
Полная версия
ИС BestProfi