«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы Жарлығы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгерістержәне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 шiлдедегi № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 шiлдеде № 20998 болып тіркелді
1. «Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20164 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістеренгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы»;
«1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету тәртібі туралы қағидалары бекітілсін.»;
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы»;
«25. Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде азық-түлік-тұрмыстық жиынтық:
атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;
тұрақты негізде мемлекеттік бюджет есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерді қоспағанда, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
тұрақты негізде мемлекеттік бюджет есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;
мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға;
халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тiркелген жұмыссыздарға ұсынылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бірнеше санаттарға жататын әрбір адамға тек бір негіз бойынша ғана азық-түлік-тұрмыстық жиынтық беріледі немесе ақшалай қаражат аударылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға азық-түлік-тұрмыстық жиынтық беру немесе ақшалай қаражат аудару төтенше жағдай жарияланған айдан бастап және төтенше жағдай режимінің қолданылуы аяқталған айды қоса алғанда, осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес айқындалған құрамда (мөлшерде) ай сайын жүзеге асырылады.
Шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген және 2020 жылғы шілдедегі жағдай бойынша тиісті мәртебесі бар адамдарға азық-түлік-тұрмыстық жиынтығын беру немесе ақша қаражатын аудару осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес айқындалған құрамда (мөлшерде) 2020 жылғы шілде үшін бір рет жүзеге асырылады.
Азық-түлік-тұрмыстық және тұрмыстық жиынтықты беру немесе ақша қаражатын аудару 2020 жылғы 30 тамыздан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.».
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды;
4) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Ж. Шапкеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 14 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нурымбетов
Полная версия