Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi № 514 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 шiлдеде № 20983 болып тіркелді
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Е. Тургумбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2020 жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2020 жылғы 14 шiлдедегi
 № 514 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылды деп тануға кейбір жататын бұйрықтарының тізбесі
1. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 180 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15042 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 16 мамырда жарияланған);
2. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 356 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15268 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 шілдеде жарияланған);
3. «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 939 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18088 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 8 қаңтарда жарияланған);
4. «Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 961 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18156 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 14 қаңтарда жарияланған);
5. «Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 113 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18314 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 19 ақпанда жарияланған);
6. «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 356 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 124 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18332 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 1 науырызда жарияланған).
Полная версия
ИС BestProfi