Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шiлдедегi № 451 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес 
Редакция 04.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 33-1-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.03.2023 жылғы № 236 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1) Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидалары;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы 16 шiлдедегi
 № 451 қаулысымен
бекітілген
Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидалары
1. Осы Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 33-1-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.03.2023 жылғы № 236 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әзірлеуші – нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобаларын әзірлейтін Парламент депутаттары;
2) нормативтік құқықтық акт – республикалық референдумда қабылданған не уәкілетті орган қабылдаған, құқық нормаларын белгілейтін, өзгертетін, толықтыратын, олардың қолданысын тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгіленген нысандағы, қағаз жеткізгіштегі жазбаша ресми құжат және сонымен бірдей электрондық құжат;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама – нормативтік құқықтық актілер жобаларында сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларды анықтау мақсатында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысын шығара отырып зерттеу;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысы – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген, нормативтік құқықтық актінің жобасына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың нәтижелері көрсетілетін жазбаша құжат.
3. Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама:
1) нормативтік құқықтық актінің жобасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар) анықтау;
Полная версия
ИС BestProfi