БҰЙЫРАМЫЗ:
Внимание! Документ утратил силу с 24.10.2020
«Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 129 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 22 шiлдедегi № 287 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 шiлдедегi № ҚР ДСМ-87/2020 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 шiлдеде № 21003 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-152/2020 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.10.2020 жылғы № 413 Бірлескен Бұйрығына сәйкес
1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 129 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20355 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 15 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
«1. Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидалары»;
«1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе COVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын клиникалық және эпидемиологиялық белгілер бойынша вирустық пневмонияны жұқтырған (COVID-19 коронавирустық инфекциясының ықтимал жағдайы) (бұдан әрі – вирустық пневмония) немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Біржолғы әлеуметтік төлем денсаулық сақтау ұйымдарының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабына сәйкес шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізген кезде COVID-19 инфекциясын немесе вирустық пневмонияны жұқтырған келесі қызметкерлеріне:
1) реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың және COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін айқындалған басқа да стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне;
2) провизорлық стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне, жедел медициналық көмектің, оның ішінде амбулаториялық-емханалық ұйымдар жанындағы дәрігерлер мен фельдшерлерге, сондай-ақ санитариялық авиацияның дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне;
3) карантиндік стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне, жедел медициналық көмек бригадаларының жүргізушілеріне, сондай-ақ зертхана мамандарына, санитариялық-эпидемияға қарсы қызметтің қызметкерлеріне, жіті респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы іс-шаралармен байланысты биологиялық материалды алуға айқындалған жедел стационарлардың және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары қабылдау бөлімдерінің қызметкерлеріне, сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ қызметкер жұқтыру (сырқаттану) салдарынан қайтыс болған жағдайда оның отбасына жүзеге асырылады.
3. Біржолғы әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – қор):
1) осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдарға COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған, вирустық пневмониямен сырқаттанған жағдайда екі миллион теңге мөлшерінде;
2) осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдар COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырудан, вирустық пневмониямен сырқаттанудан қайтыс болған жағдайда олардың отбасыларына он миллион теңге мөлшерінде жүзеге асырылады.»;
«Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру тәртібі»;
«4-1) қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның;»;
«Комиссия Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, ТҚСҚБК-нің, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының, медицина қызметкерлерінің мүддесін білдіретін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылады.»;
«9. Комиссия денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының жазбаша түрде берген ақпараты негізінде денсаулық сақтау ұйымы қызметкерінің COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтыру, вирустық пневмониямен сырқаттану фактісі анықталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 2-тармағында айқындалған денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің тізімін (бұдан әрі – денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің тізімі) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады.
Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің тізімін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары немесе ТҚСҚБК файлға қалыптастырады және жауапты қызметкер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.
Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің тізімін жасау және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары немесе ТҚСҚБК жауапты қызметкерлерді бекітеді.
COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған қызметкерлер бойынша біржолғы әлеуметтік төлем алуға денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің тізіміне «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17039 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 415 бұйрық) көзделген инфекциялық ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру (бұдан әрі – ИАОЭТ) картасы қоса беріледі.
Вирустық пневмониямен сырқаттанған жағдайда «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген нысан бойынша медициналық картаның көшірмесі ұсынылады.»;
«10. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адам COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырудан, вирустық пневмониямен сырқаттанудан қайтыс болған жағдайда комиссия үш жұмыс күнінен кешіктірмей оның отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген қайтыс болу туралы куәліктің көшімесін қоса бере отырып өтініш ұсыну қажеттілігін хабарлайды
Қызметкер қайтыс болған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлем алуға өтінішті осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның отбасы мүшелерінің бірі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына береді.
Комиссия қайтыс болу туралы куәлікті алғаннан кейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырудан, вирустық пневмониямен сырқаттанудан қайтыс болған денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің тізімін (бұдан әрі - отбасыларға берілетін біржолғы әлеуметтік төлем алуға адамдар тізімі) қалыптастырады.
Қалыптастырылған отбасыларға берілетін біржолғы әлеуметтік төлем алуға адамдар тізімін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары немесе ТҚСҚБК Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді.
Отбасыларға берілетін біржолғы әлеуметтік төлем алуға адамдар тізіміне:
осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкер қайтыс болған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлем алуға өтініш;
қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
№ 415 бұйрықпен бекітілген ИАОЭТ картасы (COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған қызметкерлер бойынша);
№ 907 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша медициналық карта (вирустық пневмониямен сырқаттанған қызметкерлер бойынша) қоса беріледі.»;
«Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша».
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 16 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі __________ А. Цой Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі __________ Б. Нурымбетов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 22 шілдесі № ҚР ДСМ-87/2020 мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 22 шілдесі № 287 бірлескен бұйрығына 1-қосымша
Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша
нысан
COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған, вирустық пневониямен ауырған (қайтыс болған жағдайда) денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің және/немесе денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің тізімі
№ |
Денсаулық сақтау ұйымы қызметкерінің/отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
ЖСН |
Банктің атауы |
Банк шотының нөмірі |
Денсаулық сақтау ұйымы қызметкерінің/отбасы мүшесінің ұялы телефон нөмірі |
Құжаттың нөмірі және қайтыс болу күні (денсаулық сақтау ұйымының қызметкері қайтыс болған жағдайда толтырылады) |
|
|
|
|
|
|
|
Комиссияның төрағасы ______________________________ _____________ Т.А.Ә. (бар болса) және лауазымы (қолы)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 22 шілдесі № ҚР ДСМ-87/2020 мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 22 шілдесі № 287 бірлескен бұйрығына 2-қосымша
Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына 1-1-қосымша
Нысан
Біржолғы әлеуметтік төлем алуға өтініш
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына _____________________________________________________________________ (аудан, қала) Кімнен ______________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса)) E-mail ______________________________________________________________
Телефон _____________________________________________________________
COVID-19 коронавирустық инфекциясына коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс- шараларға тартылған қызметкердің аталған инфекциядан немесе вирустық пневмониядан қайтыс болуына байланысты біржолғы әлеуметтік төлем төлеу мәселесін қарауларыңызды сұраймын
№ |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
ЖСН |
Банктің атауы |
Банк шотының нөмірі |
Ұялы телефон нөмірі |
|
|
|
|
|
|
Жалған ақпарат пен дәйексіз (дұрыс емес) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы __________________________________
Полная версия