«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 04.09.2021
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 шiлдедегi № ҚР ДСМ-88/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 шiлдеде № 21021 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 қыркүйектен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ - 75 Бұйрығына сәйкес
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15724 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 9 қазанда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар, тыныс алу ағзаларының аурулары бөлімінде:
реттік нөмірі 7-1 мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
7-1 |
U07.1 |
COVID 19 коронавирустық инфекциясы |
Ересектерге арналған |
Қауіп факторларынысыз жеңіл түрі (ЖРВИ клиникасы) |
Парацетамол, таблетка |
N02BE01 |
Ибупрофен, таблетка |
M01AE01 |
|||||
Пневмония, пациентте қауіп факторлары бар ықтимал жағдайы |
Парацетамол, таблетка |
N02BE01 |
||||
Ибупрофен, таблетка |
M01AE01 |
|||||
Ривароксабан, таблетка |
B01AF01 |
|||||
Апиксабан, таблетка |
B01AF02 |
|||||
Дабигатран, капсула |
B01AE07 |
».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице–министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Полная версия