Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 21299 болып тіркелді
Редакция 09.01.2026 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 106 Қаулысына сәйкес (25.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидалары бекітілсін.
1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10204 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 248 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16446 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының тізбесі 6-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 28 қыркүйегі
№ 120 қаулысымен
бекітілді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.02.2022 жылғы № 19 Қаулысына сәйкес (28.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 106 Қаулысына сәйкес (25.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидалар Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына (бұдан әрі – Ұлттық Банктің филиалдары), Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында (филиалына) (бұдан әрі – Ұлттық Банктің Орталығы), Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің банкноттарын және (немесе) монеталарын енгізетін (тапсыратын) және (немесе) алатын жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарына, Ұлттық Банктің Орталығына шетел валютасын енгізетін (тапсыратын) және (немесе) алатын заңды тұлғаларға қолданылады.
Полная версия
ИС BestProfi