Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 жарлығы
Осы редакция 29.07.2024 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.07.2024 жылғы № 605 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2020 жылғы 5 қазандағы
 № 427 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ЕРЕЖЕ
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.03.2022 жылғы № 841 Жарлығына сәйкес (05.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi (бұдан әрi – Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, стратегиялық жоспарлау, реформалар жүргізу салаларында және мемлекеттік статистика саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.07.2024 жылғы № 605 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
2. Агенттіктің ведомствосы бар: Ұлттық статистика бюросы және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық бөлімшелері.
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президент пен Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Полная версия
ИС BestProfi