Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 жарлығы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.07.2024 жылғы № 605 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi (бұдан әрi – Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, стратегиялық жоспарлау, реформалар жүргізу салаларында және мемлекеттік статистика саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.07.2024 жылғы № 605 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
2. Агенттіктің ведомствосы бар: Ұлттық статистика бюросы және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық бөлімшелері.
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президент пен Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
6. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.