Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның туындауына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі хаттамасының 4-тармағынның 2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Внимание! Документ утратил силу с 02.05.2021
«Медициналық маскалардың шекті бағасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-29/202020, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 68-НҚ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 26 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-132/2020, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № 227-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 15 қазандағы № 80 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қазанда № 21453 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 2 мамырдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.04.2021 жылғы № ҚР ДСМ-29, ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2021 жылғы № 275-НҚ және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 13.04.2021 жылғы № 7 бірлескен Бұйрығы мен Қаулысына сәйкес
1. «Медициналық маскалардың шекті бағасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-29/2020, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 68-НҚ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 26 және бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20334 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылы 10 сәуірде жарияланған мынадай өзгеріс енгізілсін:
«1. Бір реттік пайдаланылатын үш қабатты медициналық маскалардың шекті бөлшек саудадағы бағасы бір бірлік үшін 60 теңге мөлшерінде бекітілсін.».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі__________Р. Даленов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы__________М.Шоранов
Полная версия